08 Ақпан 2022, 15:23
Бүгін, 8 ақпанда Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысын өткізді. Отырысқа Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Министрлер кабинетінің мүшелері, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев 2021 жылдың қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
Б. Сапарбаев мемлекеттік бағдарламалардың көмегінің нәтижесінде облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері былтырғыдан жоғары екенін, тапсырмалардың толығымен орындалғанын атап өтті.
«Экономикалық өсім 5,8%-ды құрады. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, байланыс, салықтық түсім, жалақы, бюджет кірісі артты. Қаржы 99,5%-ға игерілді. 705 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, көрсеткіш 14,1%-ға артты. 409,9 млрд теңге инвестиция тартылып, 13,4%-ға ұлғайды», — деп әкім негізгі көрсеткіштерге тоқталып өтті.
Сонымен қатар өңірде инфляция деңгейі 108,1%-ды құрады. 2025 жылға дейін 2 трлн теңгені құрайтын 74 инвестициялық жоба (АӨК – 33, өңдеу өнеркәсібі – 24, балық шаруашылығы – 8, ЖЭК – 7, туризм – 2) іске асыру жоспарланып отыр. Ал өткен 2021 жылы 70 млрд теңгеге 14 жоба іске асырылды.
Анықтама:
Әкімнің айтуынша, 2022 жылы 109 млрд теңгеге 26 жобаны іске асыру көзделіп отыр.
Сонымен қатар Жамбыл облысында әлемдік экономикалық дағдарыс пен пандемияны ескере отырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік өнімдерінің импортын алмастыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға ерекше назар аударылуда.
Өңірде егістік алқабы 30,3 мың га ұлғайып (2020 ж. – 721,7 мың га), 752 мың га жетті. Пайдаланылмай жатқан 114 мың га жер (7,5 мың га – егістік жер, 106,5 мың га – жайылым) мемлекет меншігіне қайтарылды (жоспар - 82 мың га).
Б. Сапарбаевтың айтуынша жайылым жердің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында елді мекен жайылымы 252 мың га ұлғайтылды.
41 мың га суармалы жер қалпына келтіріліп, көлемі 179,8 мың га құрады. Мал саны 3922 мың басты құрап, 7,1%-ға өсті (МІҚ – 499 мың бас, 110,1%, қой, ешкі – 3256 мың бас, 106,5%, жылқы – 167 мың бас, 110,2%). 4,9 мың тонна ет экспортталды, 383 тонна балық (оның ішінде форель – 200 тн), 333 тонна бал өндірілді.
Облыс әкімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша да бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Айналым сызбасы» жобасы аясында жергілікті бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлініп, 1,8 млрд теңгеге 4,9 мың т әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен 6,5 млн дана жұмыртқа өткерілді. Тұрақтандыру қоры арқылы 577,9 млн теңгеге 4,5 мың т өнім өткеріліп, өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артты. Бүгінге 3,5 мың тонна көкөніс қоры жасақталды», — деді әкім.
Шекті бағадан төмендетілген азық-түлік тауарларын өткеретін 33 әлеуметтік павильон мен ірі сауда желілері арқылы 22,2 млн теңгеге 3,9 мың т өнім сатылуда. 54 жәрмеңке өткізіп, 463,3 млн теңгеге 1,5 мың т ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтан 8-20% төмен бағадан өткерілді. Сондай-ақ 1171 меморандум жасалды (621 тауар өндірушімен, 550 сауда желісімен).
2022 жылы мыналарға қол жеткізу көзделіп отыр:
2021 жылмен салыстырғанда инвестицияларды 10%-ға ұлғайту;
мемлекет меншігіне 117 мың га жерді қайтару;
41 млн м³ 3 су қоймасының құрылысы жоспарлануда;
177 ұңғыманы бұрғылау;
42 млрд теңгеге 1,3 мың га жерге үдемелі бақтарды өсіру;
ӘМАТ бағаларын 6,5% инфляция деңгейінде тежеу.
Бұған қоса, өңірде шағын және орта бизнес субъектілерінен 69 млрд теңге салық түсіп, 26,3%-ға артты, ШОБ өнімдерін шығару көлемі 6,4%-ға ұлғайып, 535 млрд теңгеге өнім өндірілді, ШОБ субъектілерінің саны 2,8% ұлғайды (71,3 мың бірлік), «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында ШОБ қолдаумен 7 есе көп қамтылды, «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде белсенділік 16%-ға артты (2020 жылы 143 жоба – 49,5 млрд тг, 2021 жылы 181 жоба – 59,2 млрд тг).
2022 жылға жоспар:
Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаевтың айтуынша, өңірде тұрғын үй құрылысы жақсы қарқынмен жүріп жатыр. 705 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (2022 жылғы жоспар – 810 мың ш.м.). Сонымен қатар әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға 2334 пәтер берілді. «Асар» жобасы аясында 134 үй салынды.
2021 жылы 12 ауылдық елді мекенге (46 мың адам) су құбыры жүргізіліп, қамтылу деңгейі 82,2%-дан 88,8%-ға дейін жетті (жалпы 264 АЕМ – 71,9%, 607 мың адам – 88,8%). 2022 жылғы жоспар – 93%, косымша 10 АЕМ.
Облыстағы, жалпы республикамыздағы ең бір маңызды мәселелердің бірі – газдандыру. Өткен жылы 20 елді мекендегі қосымша 16 мың адам табиғи газбен қамтылып, газдандыру үлесі 88,6%-ға жетті (жалпы 257 ЕМ-гі 1018 мың адам қамтылды). 2022 жылғы жоспар – 90%, косымша 17 АЕМ.
Бұған қоса, 2021 жылы автожол саласын дамытуға 12,7 млрд теңге бөлінді (РБ – 5,8 млрд тг, ЖБ – 6,9 млрд тг).
Мемлекеттік бағдарламалар аясында 479,1 шақырым (3,6 шақырым жаңа жол құрылысы және 475,5 шақырым орта жөндеу) жол салынып, жөнделді (о. і. 177,9 шақырым – облыстық, 36,3 шақырым – аудандық маңызы бар автожолдар, 264,9 шақырым – елді мекен көшелері).
Жалпы 191 жоба іске асырылып, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 90%-дан 95%-ға, елді-мекен көшелерінде 77,2%-дан 79,2%-ға жетті. 2022 жылғы жоспар – 97%.
Облыс басшысының айтуынша, тұрғындарды жұмыспен қамту шаралары да жүйелі түрде жүрігізіліп жатыр.
«Еңбек» бағдарламасы аясында 58 мың адам белсенді жұмыспен қамту шараларына тартылды. Жоспар – 49,5 мың адам.
«Осы және басқа да мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалардың нәтижесінде жылдың қорытындысымен жалпы 38,8 мың жаңа жұмыс орны ашылды, оның 19 мыңы тұрақты жұмыс орындары (48,9%)», — деп нақтылады әкім.
Сондай-ақ 2021 жылы атаулы әлеуметтік көмек аясында 61,4 мың адамға 3,4 млрд теңгеге көмек көрсетілді.
Облыста білім беру саласында да оң көрсеткіштер белгіленген, мектептер салыстырмалы түрде көбірек пайдалануға берілді. 16 білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ал спорт саласына келсек, дене шынықтырумен және спортпен айналысатын халық үлесі 35,4%-ды құрайды. Халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 56,9%-ға жеткізілді. Жоспар – 51,2%.
2022 жылға арналған жоспар:
2021 жылмен салыстырғанда жұмыспен қамтуды 29%-ға ұлғайту (2021 жылы – 38,8 мың адам, 2022 жылы – 50 мың адам);
Апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу;
1200 орынға 3 студенттік жатақхананы пайдалануға беру;
Балалар жылы аясында «Оқушылар сарайын», «Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығын», «Қаралма» тау шаңғысы кешенін ашу;
Тараз қаласында «Аутизм орталығын», психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ашу.
Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Б. Сапарбаев облыстағы эпидемиологиялық ахуалға да тоқталып өтті.
«Облыста COVID-19 короновирус инфекциясына қарсы 635,7 (100,8%) мың адам вакцина алды. Ревакциналаудан 126,8 мың (53,1%) адам өтті, оның ішінде «Pfizer»-ді 89 (64%) мың адам салдырды», — деді облыс әкімі.
Сондай-ақ облыста табиғи өсім 15 мың (17,47 промилле) адамды құрап, 3,9%-ға өсті. Туғандардың саны 28,7 (27,06 промилле) мың баланы құрап, 3,7%-ға ұлғайды.
АМСҚ-қа жаңа технологиялар енгізілді (Тараз қаласы мен аудандарда 3 үздік тәжірибе орталығы), С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ филиалы ашылды.
Отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту бағытында саладағы өндірілген өнім 2,6 есеге өсті.
«Қазіргі таңда COVID-19 короновирус инфекциясына қарсы вакцина әзірлейтін биофармацевтикалық зауыт құрылысының бірінші кезегі аяқталып, өндіріс цехының құрылысы жүргізілуде. Бүгінде институт базасында өндірілген “QazVac” вакцинасының 3 млн дозасы “СҚ-Фармация” хабына жіберілді. “QazVac” вакцинасына 40 ел қызығушылық танытты», — деп мәлімдеді әкім.
2022 жылға арналған жоспар:
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, аймақтық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыру да игі үрдіске айналды. Соның бірі — «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» шегінде 12,7 млрд теңгеге демеушілер қаражаты есебінен облыс орталығында 10 əлеуметтік нысан құрылысы жүргізіліп, 2-і пайдалануға берілді.
«Жомарт түлек» жобасы шеңберінде 157 мың түлектің демеушілігімен 8,8 млрд теңгеге 393 инвестициялық жоба іске асырылды.
«Таразға тарту» Тараз қаласы аумағында 2,1 млрд теңгені құрайтын 42 нысанда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. 36 саябақ пен сквер, көшелер жөнделді, 5 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті сырланды.
2022 жылға арналған жоспар — визит орталығын, өнер үйін, бокс орталығын, Жастар үйін ашу.
Сонымен қатар облыс әкімі жыл басындағы тәртіпсіздіктер салдарын жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
«Осы жылғы 4-6 қаңтарда орын алған жағдайға байланысты арнайы облыстық штаб және шығын мөлшерін анықтау бойынша комиссия құрылды. Соның нәтижесінде жаппай тәртіпсіздік салдарынан облысқа 11,5 млрд теңгеге материалдық шығындар келтірілді», — деді Б. Сапарбаев.
Атап айтсақ:
Келтірілген шығындардың 76,2%-ы – полиция департаментіне, 14%-ы – әкімдік мекемелеріне, 9,8%-ы – басқа да мекемелерге тиесілі.
«Әулие-Ата-Демеу» қорынан ШОБ субъектілеріне 2 млн теңге материалдық залал өтелді.
Бүгінгі таңда жұмыстардың аяқталуы әкімдік ғимараттары бойынша 50%-ды, «Nur Otan» партиясы филиалы бойынша 40%-ды, полиция департаменті бойынша 50%-ды, Тараз қаласындағы 2 полиция бөлімінде 75%-ды, уақытша ұстау изоляторында 100%-ды құрайды.
Әкімдік тарапынан мынадай ұсыныстар айтылды:
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу