Қостанай облысында 2014 жылы 10 мыңға жуық автокөлік шығарылды - А.Лаврентьев
2014 жылы Қостанай облысында 10 мыңға жуық автокөлік шығарылды, деп хабарлады бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің алқа отырысы барысында «Агромашхолдинг» АҚ және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС Директорлар кеңесінің мүшесі Андрей Лаврентьев.
«Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қостанай облысы өндіріс алаңдарынан 70 млрд теңгеден астам сомаға 10 мыңнан астам автокөлік шығарылды», - деді А.Лаверентьев.
Оның айтуынша, белгіленген кәсіпорындардағы қызметкерлер саны 1,6 мыңнан астам адамды құрайды.
«Біз жеңіл автокөліктер, ауыр коммерциялық көлік, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын шығарамыз, зауыт автокөлік шығаруды 2010 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. Осы уақытқа дейін кәсіпорын ірі торапты әдіспен көлік құралдарын шығаруды игерді, ал 2013 жылдан бастап Қазақстанда бірегей шағын торапты өндірісті енгізді», - деді ол.
Оның айтуынша, республикамыздағы отандық автокөлік құрастратын кәсіпорындар дамып, үлкен перспективаларға ие болды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз