23 Қазан 2026, 16:00

Басты жалпыұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыс етті.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен бәріміз бір ел болып, ауқымды саяси реформаларды табысты жүзеге асырдық. Егемендіктің берік тұғырына айналған жаңа Конституциямыз заңды күшіне еніп, мемлекеттік басқару жүйесі түбегейлі қайта жаңғырды. Қазақстан азаматтарының жасампаз рухының арқасында бірегей саяси оқиғаларды жауапкершілікпен әрі жоғары ұйымшылдықпен атқарып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін аса маңызды бастамаларды қолға алдық», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр еліміздің әрбір маңызды жетістігі өз ісіне шынайы берілген адамдардың күнделікті еңбегіне байланысты екенін атап өтті. Мемлекеттік наградалар – еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтарымыздың қажырлы еңбектеріне деген құрмет пен лайықты бағалаудың көрінісі. Еңбек адамының рөліне және «Адал азамат» құндылықтарына ерекше мән берілді. Бұл идеяның негізінде еңбекқорлық, іскерлік, жауапкершілік пен білімге деген ұмтылыс жатыр. Еліміздің одан әрі дамуы Президенттің Әділетті, Озық, Күшті әрі Таза Қазақстанды құру бағытын жүзеге асыруда барлық қазақстандықтардың бірлескен күш-жігерін қажет етеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар мен құрметті атақ берілді.
Марапатталғандар:
ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен
ІІ дәрежелі «Достық» орденімен
«Құрмет» орденімен
Ростислав Коняшкин – Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі;
Шыңғыс Оразәлімов – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Ерғали Әбдірайымов – «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ бас директоры;
Абылайхан Оспанов – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры;
Бақытжан Жүнісбеков – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы;
Жаныл Үмбетьярова – «Хиуаз Доспанова халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы;
Мәлік Сәулебай – «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК бас директоры;
Айгүл Әкімбаева – «KEGOC» АҚ басқарушы директоры;
Сейілбек Нұрымбетов – Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы;
Ерболат Қожықов – Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы;
Талғат Сапарғалиев – Үкімет Аппаратының өңірлік инспекторы;
Қанат Ерубаев – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы;
Дамир Сейсембеков – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы;
Ержан Ақтаев – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары;
Олжас Әлібеков – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары;
Еркін Үйсімбаев – Үкімет Аппаратының өңірлік инспекторы;
Үмітжан Арықбекова – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары;
Айман Рақымова – Үкімет Аппаратының бас консультанты;
Эльмира Асан – Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары;
Анар Бекбаева – Мәдениет және ақпарат министрілігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары;
Сәуле Сәрсенова – Үкімет Аппаратының сектор меңгерушісі;
Жанна Есінбаева – Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары;
Әйгерім Байзақова – Үкімет Аппаратының сектор меңгерушісі;
Сәрсен Жарылғасов – Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары;
Мейрамгүл Жанысова – Үкімет Аппаратының сектор меңгерушісі;
Қанат Жеңісбекұлы – Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары;
Сұңғат Жұматов – Үкімет Аппаратының сектор меңгерушісі;
Жанар Нұржанова – «Қазатомпром» АҚ басқарушы директоры;
Ғабдолла Жүнісов – Үкімет Аппаратының бөлім меңгерушісінің орынбасары;
Бақытжан Таубаев – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры;
Юлия Овечкина – Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары;
Абай Құнанбаев – Үкімет Аппаратының сектор меңгерушісі;
Нұрбек Серіков – Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары;
Айгүл Омарова – Үкімет Аппаратының бас консультанты;
Эльмира Тілләбайқызы – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары;
Мейірман Үсіпов – Үкімет Аппаратының бас инспекторы;
Ақмарал Сләмова – Үкімет Аппаратының бас инспекторы;
Ерден Ыбыраев – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары;
Аслан Тұрғалиев – Үкімет Аппаратының бас инспекторы;
Алтынай Тұяқова – Үкімет Аппаратының сектор меңгерушісі;
Серікбол Шалданбаев – Үкімет Аппаратының бас инспекторы.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен
«Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен
Олег Федоров – Үкімет Аппаратының бөлім меңгерушісі;
Зағифа Хамитова – Үкімет Аппаратының бөлім меңгерушісінің орынбасары.
Сонымен қатар көп жылғы адал қызметі мен кәсіби жетістіктері үшін Үкімет Аппаратының қызметкерлері Премьер-министрдің алғыс хаттарымен марапатталды.







Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу