24 Қаңтар 2025, 12:57
Премьер-министр Олжас Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы және жағдайдың дамуының әртүрлі сценарийлері қарастырылған. Ықтимал қолайсыз факторлардың әсерін барынша азайту, сондай-ақ қолда бар артықшылықтарды пайдалану шаралары талқыланды.
Ұлттық экономика, Қаржы, Энергетика министрліктерінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы әлемдік экономика дамуының Қазақстанға ықпалының есептеулері мен сценарийлерін ұсынды.
Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесе бірқатар тапсырма берілді.
#ҚР Премьер-министрі #Экономика #ЭнергетикаҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу