09 Маусым 2017, 12:14
Бүгін, 9 маусымда сағат 19:15-те, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу салтанатының онлайн таратылымын қараңыздар.
Ашылу салтанаты Мемлекеттердің басшылары көрме орталығы – «Нұр Әлем» сферасындағы Қазақстан павильонына келген кезде басталады. Мемлекеттердің басшыларын қарсы алғаннан кейін Көрмеге экскурсия жүргізіліп, Қазақстанның экспозициясы мен қатысушы елдердің павильондары таныстырылады.
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу салтанатының ресми бөлімі Конгресс-орталықта өтеді және Амфитеатрда концерттік бағдарламамен жалғасын табады.
Шара Сферадағы проекциялық лазерлік шоумен және отшашумен аяқталады.
Онлайн-таратылымды primeminister.kz сайтынан және Facebook, Вконтакте, Twitter және Periscope әлеуметтік желілерінен қараңыздар.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу