10 Сәуір 2017, 05:45
Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында «ҚазАгро» Ұлттық басқарма холдингі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлыбек Мәлелов хабарлады.
ҚР Үкіметі Қаулысымен 2015 жылғы 30 желтоқсанда бекітілген 2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешендік жоспарына сәйкес, бәсекелі ортаға 3 еншілес компания мен 16 тәуелді ұйымды өткізу ұсынылды.
Сүйемелдеуші консалтингтік компания - «Делойт ТСФ» ЖШС.
Инвесторларға тартымдылықты арттыру мақсатында келесі шаралар жүргізілуде:
1. Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазагромаркетинг» АҚ-дан ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің ақпараттық жүйесіне меншік құқығын өткізу, жұмысты 2018 жылғы 1 қаңтарда аяқтау жоспарланған.
2. Агенттіктің өсімдік шаруашылығын сақтандыру функцияларын «ҚазАгроГарант» АҚ-ға өткізу, жұмысты 2017 жылғы 1 шілдеге дейін аяқтау жоспарланған.
3. «Қазагромаркетинг» АҚ-ның ЖШС ретінде қайта құрылуы, үдеріс 2017 жылғы желтоқсанда аяқталады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу