Қазақстанда тұрғын үймен қамтамасыз ету тәсілдері қайта қаралады 

Парламент Мәжілісінде депутаттардың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың қатысуымен тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасын талқылау жүріп жатыр.

Мәселен, заң жобасы аясында Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығын құру жоспарланып отыр. Әзірлеушілердің айтуынша, бұл орган жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматтарының мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланған бірыңғай ақпараттық жүйеге айналады.

Орталық «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бұл орайда енді «тұрғын үйге мұқтаж» мәртебесін растау үшін азаматтарға бірнеше инстанцияға жүгінудің, кезекте тұрудың, одан кейін несие алу үшін банктерге жүгінудің қажеттілігі болмайды. 

Есепке қою күніне байланысты тұрғын үйді бөлу есебінен тағы бір оң нәтижеге қол жеткізіледі. Бұдан басқа, тұрғын үй алуға үміткер азаматтардың табыс деңгейі ескерілетін болады.

Жалпы, заң жобасының негізгі мақсаты — тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың барлығына әділетті түрде мемлекеттік қолдау шараларын көрсету.

#Заң жобалары

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу