Автожол саласын дамыту перспективалары ертең Үкімет отырысында қаралады
Ертең, 21 мамырда Үкімет отырысында автожолды дамыту мәселелері қаралады, сонымен бірге жаз мезгілінде балалардың демалуын қамтамасыз ету бойынша білім министрлігінің жоспарлары талқыланады, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев баспасөз мәслихатында.
«Отырыс барысында Үкімет автожол саласының мәселелерін қарайды, көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев баяндама жасайды деп күтілуде», - деді А.Әбибуллаев.
Бұдан өзге, ОКҚ өкілі хабарлағандай, отырыста алдағы демалыс кезінде балаларға сауықтыру демалысын, еңбекпен қамтуды ұйымдастыру мәселелерін талқылау жоспарланған. Осыған қатысты жоспарды білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ұсынады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз