ҚР бірінші вице-премьері Б.Сағынтаев Мәскеуде ЕЭК Кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін Мәскеуде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Еуразия экономикалық комиссиясы Кеңесінің (ЕЭК) кезекті отырысы болып өтті.

Бұдан басқа, ЕЭК Кеңес мүшелері интеграцияны одан әрі дамытуға бағытталған ережелерді ескере отырып, Еуразия экономикалық одағы туралы келісім шарттың жобасындағы жұмыстың барысын талқылады. 

Сондай-ақ, отырыста сауда, бәсекелестік, монополияға қарсы реттеу, энергетика және техникалық реттеу салаларының мәселелері талқыланды. Негізінен ЕЭК Кеңесі «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы», «Лак және бояу шығару материалдарының қауіпсіздігі», «Синтетикалық бояғыш заттардың және тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенттері туралы мәселелерді қарады. 

Қазақстан Республикасының бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаев ЕЭК Кеңесінің жұмысы интеграциялық процестерінің қарқындылығы мен мемлекеттеріміздің арасындағы әріптестік қарым-қатынастың жоспарлы нығаюының дәлелі екенін атап көрсетті.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу