Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа 15 қазанда Бакуде өтетін Түркі Кеңесінің 7-ші Саммитіне дайындық барысы туралы ақпарат берілді. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Мен Президент Ильхам Әлиевпен кездестім. Ол Сізге ізгі тілектерін жеткізуді өтінді. Сонымен қатар, мен Түркі әлемінің басқа да көшбасшыларымен кездестім. Олар да Сізге зор ризашылығын білдіріп, жылы лебіздерін жолдап жатыр», — деді Б. Әміреев.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу