Қазақстанның Тұңғыш Президенті ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қатынастардың ерекше достық сипатын атап өтті. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Тәуелсіздік жылдарында біз Қытай Халық Республикасымен ең жақын достық қатынастар орнаттық. Біздің қатынастарымыз басқа елдер үшін тату көршіліктің үлгісі болып табылады. Төраға Си Цзиньпинмен ерекше қарым-қатынастамын және мен оны өте жоғары бағалаймын», — деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекетаралық қатынастарды нығайту ісінде Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесінің ерекше маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Ли Чжаньшу Нұрсұлтан Назарбаевқа ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің жылы лебіздерін жеткізді.

Сонымен қатар, БХӨЖ Тұрақты Комитетінің Төрағасы Қазақстан Президентімен, сондай-ақ ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің спикерлерімен өткен келіссөздердің нәтижелеріне тоқталды.

«Біз жақсы келіссөздер жүргіздік. Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз бен Қытай басшылығы негізін қалаған Қытай мен Қазақстан арасындағы қатынастар жаңа жағдайларда одан әрі дами түсетіні туралы келісімге қол жеткізілді», — деді Ли Чжаньшу.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу