ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы бірқатар кездесулер өткізді

Нұрсұлтан Назарбаев «Шаушен» шаруа қожалығының басшысы Сарамбай Дөненбаевті және «Алматыкітап Баспасы» ЖШС директорлар кеңесінің төрайымы Элеонора Баталованы қабылдады. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.  

С. Дөненбаевпен кездесу барысында Елбасы кәсіпкердің Жамбыл облысындағы әлеуметтік инфрақұрылым құрылысына белсене қатысқанын атап өтті.

Өз кезегінде «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері Сарамбай Дөненбаев Қазақстанның Тұңғыш Президентіне ауылдар мен ауыл жастарының дамуына көңіл бөліп, қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдірді.

Э. Баталовамен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерінің елдегі баспа ісінің дамуы мен қалыптасуына қосқан үлесін атап өтті.

«Сіздің жетекшілігіңізбен «Алматыкітап» жақсы жұмыс көрсетіп отыр. Сіздер өте қызықты әрі жақсы кітаптар шығарасыздар», - деді Елбасы.

Сонымен бірге, Э.Баталова Нұрсұлтан Назарбаевқа тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен гүлденуі жолындағы қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу