ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алихановпен кездесу өткізді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алихановпен кездесу өткізді.

Кездесуде тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін және өнеркәсіптік кооперация жобаларын іске асыру барысын қарастырды.

Бүгінгі таңда екіжақты бастамалардың жиынтық портфелі $52 млрд-тан асады және 168 жобаны қамтиды. Олардың 90%дан астамы қазіргі таңда сәтті іске асырылды, қалғаны іске асырылу сатысында.

Сондай-ақ кездесу барысында өнеркәсіпті дамыту және алдағы өзара тиімді ынтымақтастық саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды. 

#Роман Скляр #Сауда #Халықаралық ынтымақтастық #Өнеркәсіп

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу