ҚР Үкіметі отырысында экономикалық өсімді ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар жоспары талқыланады

Бүгін Үкімет Үйінде Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі кезекті отырысы өтеді. 

Отырыста 2016-2017 жылдары экономикалық өсімді ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар жоспары талқыланып, сондай-ақ Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы және оны өзектендіру қаралады. Онлайн-таратылымның басталуы сағ.10:00.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу