Үкімет пен ҚР Ұлттық банкі 2015-2016 жылдарға арналған долларсыздандыру бойынша жоспар әзірледі - С.Оспанов

Үкімет пен ҚР Ұлттық банкінің бірлескен жұмысының аясында 2015-2016 жылдарға арналған экономиканы долларсыздандыру бойынша жоспар әзірленді, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Оспанов.
 

«Ұлттық банк ел Үкіметімен бірлесіп, 2015-2016 жылдарды қамтитын долларсыздануға бағытталған арнайы жоспар құрды», -деді С.Оспанов. 
 
Оның айтуынша, жоспар 3 бағыт бойынша міндеттерді жүзге аысруды көздейді, оалрдың ішінде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, қолма-қол емес төлемдерді және көлеңкелі айналымды қысқарту, ұлттық валюта рөлін арттыру. 
 
Депутат айтып өткендей, үшінші бағыт аясында тауарлардың сыртына жазылатын бағаларды тек ұлттық валютада ғана көрсету, депозиттік төлемдерді кепілдендіру көлемін 5 млн-нан 10 млн теңгеге дейін арттыру, ал шетелдік валютамен салынған депозиттерге төленетін өтемақы көлемін керісінше 3 пайызға дейін төмендету сияқты шаралр қарастырылуда.
 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу