Мемлекеттік бағдарлама бойынша Көкшетауда 11 көп пәтерлі үй салынып жатыр – қала әкімдігі

Ақмола облысының облыс орталығы - Көкшетау қаласында  «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша 11көп қабатты тұрғын үй салынды, деп хабарлады қала әкімдігінде. 

«Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыс орталығында 11 көп пәтерлі баспана немесе 26 887 шаршы метр баспана пайдалануға берілетінін мәлімдеді. Облыс орталығында бүгінгі таңда төрт 30 пәтерлі үйдің құрылысы жүруде, оның алаңы 8524 шаршы метр», - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, өңір мәліметінше, Көкшетауда ағымдағы жылы 300 орындық №17 мектептің құрылысы мен 264 орындық № 3 мектептің қайта жөнделуі аяқталады.

Бұдан өзге, қазіргі таңда қалада 240 орындық екі балабақшаның құрылысы жүруде. Жастар орталығын қалпына келтіру үшін республикалық бюджеттен 126 млн теңге бөлінді. Қазір құрылыс-сметалық жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы Көкшетау қаласының автожолдарын жөндеуге 1,1 млрд теңге бөлінді. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу