Инвестициялық форум қортындысы бойынша Павлодар облысының экономикасына 39 млрд теңге тартылды

Павлодар облысында өткізілген «Ертіс-инвест» инвестициялық форумының нәтижесі бойынша жалпы 39 млрд теңге сомаға келісімдерге қолы қойылды, деп хабарлады Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев ОКҚ өткен брифингте.

«Форум жұмысының нәтижесі 39 млрд теңге сомаға құжаттарға қол қою болды, оның ішінде – Еуропалық қайта құру және даму банкімен, «Қазагро» холдингімен, «Даму» қорымен, Сбербанкпен жасасқан меморандумдар. Біз одан әрі де облыс инвесторлары үшін барынша максималды ыңғайлы жағдайлар жасайтын боламыз», - деді Қ.Бозымбаев.

Әкімнің айтуынша, форум қазан айында өткізілді. Экономикалық әлеуеті зор инвесторларға 124 жоба ұсынылды. 

«Инвестицияның барынша жоғары сомасы кальциленген сода өндіру жөніндегі зауыттың құрылысының 503 млн. АҚШ доллары болып табылады. Форумда ең аз инвестиция жұмсалатын жоба - қарағайдың тұқымын өндіруді ұйымдастыру. Талап етілетін инвестиция көлемі - 20 мың АҚШ доллары», - деп толықтырды Қ.Бозымбаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында, қала құраушы кәсіпорындармен бірге өңірде шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша серіктестік бағдарламалар жүзеге асырылады. Өткен жылы осындай бағдарламалар аясында 28 млрд теңге сомаға 98 келісім жасалды, биылғы жылы келісімдер сомасы 32 млрд теңгені құрап отыр. 

Әкімнің мәліметінше, бөлшек сауда айналымының өсімі 2014 жылдың 10 айында 8,4 пайызды құраса, өңірдегі инфляция 106,4 пайызды құрады, азық-түлік тауарлары бойынша бағалар индексі - 104,8%, негізгі капиталға инвестициялар көлемі 233,4 млрд теңгені құрады. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу