Қазақстандық автожолдардың үштен бір бөлігі ақылы негізге көшіріледі - ҚР ИДМ
Қазақстанда таяу арада республикалық маңыздағы тағы ңш автомагистраль қозғалыстың ақылы негізіне ауыстырылады. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР инвестиция және даму бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек хабарлады.
«Бірінші және екінші санаттағы автожолдарды күту қаржысының тапшылығын қысқарту үшін республикалық дәрежедегі жолдардың бірқатарын ақылы негізге ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Болашақта 30% республикалық жол учаскісін ақылы негізге ауыстыруды көздеудеміз. Олар: Астана-Теміртау, Астана-Павлодар, Алматы-Қапшағай сынды тас жолдары, олардың бойында трафик өте жоғары және олар өзін-өзі ақтайды», – деді Ж.Қасымбек.
Қазақстанда республикалық жол учаскілерінің 30% ақылы негізге ауыстырылады.
Жеңіс Қасымбек атап өткендей, ақылы жол алдымен «Астана - Щучинск» автобанында енгізілген болатын. Ведомство басшысы орынбасарының мәліметінше, осы долдың ақылы болуы есебінен 1,2 млрд - 1,3 млрд теңге жинау көзделіп отыр.
«Бұл нормативтерге сәйкес толық қамту мүмкіндігі береді», – деп түйіндеді ол,
2014 жылдың бірінші жартысының қортындысы бойынша, Астана-Щучинск бірінші категориялы алты жолақты автобаннан жиналған қаржы 454,3 млн теңгені құрады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз