Қ.Көшербаев бастаған Үкіметтік жұмыс тобы ШҚО болды

1-2 қараша күндері Премьер-Министрдің орынбасары Қырымбек Көшербаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы Шығыс Қазақстан облысында болып, онда өңірдегі жылыту маусымымен және мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Семей қаласында жұмыс тобы «Теплокоммунэнерго» МҚК 1-ЖЭО болды. Жылыту маусымының басында ЖЭО-да отын босататын жаңа торап пен трансформаторлық подстанцияны орнату жөніндегі жұмыстар жүргізілген “35 орам” қазандығы іске қосылған.

Вице-премьер Қ. Көшербаев «Фирма Азия» ЖШС құрылыс кәсіпорнында болды. “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы шеңберінде мұнда 2012 жылдың тамызынан бері қуыс плиталарды өндіру жолға қойылған.

Сонымен қатар, Зырян қаласында вице-премьер “2011-2020 жылдарға арналған ТКШ жаңғырту” бағдарламасының іске асырылу барысымен де танысты. Атап айтқанда, моноқалашықтарды дамыту бағдарламасы аясында қаланың аудандық қазандықтарына турбогенераторлар орнататын «Теплоцентрали» мекемесінің жұмысымен танысты.

Сондай-ақ, Қ. Көшербаев “Қазмырыш” ЖШС Зырян тау-кен байыту кешенінің нысандарында болды. Кешен ұжымымен кездесу барысында алтын кен орының табылу мүмкіндігі жоғары Малеев кен орнында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырғаны сөз болды.

Үкіметтік делегация “Өскемен құс фабрикасы” ЖШС, «AES Согра ЖЭО» ЖШС, “Шығысмашзауыт” ЖШС жұмыстарымен танысып, Ұлан ауданындағы 600 орындық жаңа мектепті аралап көрді.

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында облыс әкімдігінде Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыстың агроқұрылымдары өкілдерінің қатысуымен “АӨК-2020” және “Жайлау” бағдарламалары жобаларының тұсаукесері өткізілді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс активімен өткізілген мәжілісте өңірді дамытудың негізгі басымдықтары мен көкейкесті мәселелерді шешу жолдары талқыланды. 

«Бүгінде Мемлекет басшысының бастамасымен Үкіметте көптеген әлеуметтік-маңызды бағдарламалар қабылданып, іске асырылуда. Тау-кен өндіру мен металлургия саласында және машина жасау салаларында жаңа технологияны енгізудің бай тәжірибесі жинақталған Шығыс Қазақстан облысы ұзақмерзімді және стратегиялық міндеттерді тиімді жүзеге асыру жолдарын көрсетіп отыр», - деп аяқтады сөзін вице-премьер Қырымбек Көшербаев.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу