Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысын өткізді.

Үкімет мүшелері қайта сайланған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа бағытталған өкілеттікті доғару туралы жазбаша мәлімдемеге қол қойды. 

Анықтама:
Қазіргі Үкімет құрамы 2014 жылдың сәуірінде қалыптасқан болатын. Кәрім Мәсімов 2014 жылдың 2 сәуірінде ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу