23 Мамыр 2017, 06:38
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мұрағат ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды.
ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы заң жобасы мұрағат ісі саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатымен әзірленгенін хабарлады. Бұл негізінен құжаттамалық қамтамасыз етудің жаңа ақпараттық үлгілерінің белсенді түрде кіріктірілуіне және жаппай электронды құжат алмасуға көшуге байланысты.
Бұдан өзге, қолданыстағы экономикалық және әкімшілік реформалар негізінде мұрағат ісі саласын реттейтін жаңа құралдар пайда болды. Соның салдарынан қолданыстағы заңнаманың кейбір ережелері заманауи талаптарға жауап бермейді.
Заң жобасында мемлекеттік мұрағаттар желісіне ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасын, сонымен қатар арнайы мемлекеттік мұрағаттарды қосу ұсынылған.
Министрлік құзыретін мемлекеттік мұрағаттардың типтік штаттарын; мемлекеттік мұрағаттардың тауар, жұмыстар мен қызметтерді өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету ережелерін; Ұлттық мұрағат қорының орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу туралы ережелерін бекіту функцияларымен толықтыру ұсынылды.
Заң жобасының тұжырымдамалық жаңашылдығы біріктірілген нормативтік-құқықтық актілерде әдеттегі, қағаз түріндегі және электронды құжаттарды ресімдеуге,басқаруға және сақтауға қойылатын талаптарды бекіту болмақ.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу