Үкімет қазақстандық геологияны дамыту жолындағы ынталандыру жасаудағы өз міндетін біледі – С.Ахметов

Үкімет Қазақстандағы геологиялық саланы одан әрі дамыту үшін жағдайлар мен ынталандыру жұмыстарын жүргізуге қатысты алға міндет қойды, деді ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттардың сұрақтарына жауап беру барысында.

«Үкіметке жүктелетін міндет – аталған саланы ынталандыру және дамыту үшін жағдай жасау, ал бизнес инвесторлар өз технологияларын және жаңа өңдеу әдістерімен келуі керек», - деді С.Ахметов.

«Қабылданған тұжырымдама бойынша Үкімет көп жұмыс атқарды, ең бастысы қай бағытта жұмыс істеу керек екені белгілі», - деп атап өтті Премьер-Министр.

«Біз геологиялық зерттеу орталықтарын ашамыз, бұл жаңа әдістемелері, жаңа технологиялары, жаңа жабдықтары бар нағыз институттар болмақ. Менің ойымша, жаңа мамандармен, жаңа технологиялармен біз ынта жасаймыз және қалғаны сәйкесінше нәтиже береді», - деп Үкімет Басшысы өз сенімділігін көрсетті.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу