Үкімет мамыр мерекесі кезіндегі демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулыны қабылдады

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мамыр мерекесі кезіндегі демалыс күндерін ауыстыру туралы Үкімет қаулысына қол қойды.

Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдай туғызу және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында демалыс күні сенбі 4 мамырдан жұма 10 мамырға ауыстырылды. 

Қаулыға сәйкес қажетті өнімдер шығару, қызметтер көрсету, қаржылық қызметті қосқанда еңбек, материалдық және қаржылық ресурстармен қамтылған ұйымдарға, сондай-ақ құрылыс нысандарын іске қосуға байланысты, кәсіподақ ұйымдарымен келісім арқылы 2013 жылғы 10 мамырда жұмыс жүргізуге құқық беріледі. 

Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес төленетін болады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу