ҚР Үкіметі индустрияландыру, жылыту маусымы және халықты жұмыспен қамту бойынша бірқатар мәселелерді талқылады

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру, сондай-ақ 2012-2013 жылғы жылыту маусымының қортындылары және алдағы қысқа дайындық мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, отырыс барысында 50 жастан асқан адамдарды жұмыспен қамтудың кешенді жоспары бекітілді.

Талқылау қортындысы бойынша С.Ахметов өкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу