ҚР Үкіметі мемлекеттік құнды қағаздарды капиталдың сыртқы нарығына шығару туралы қаулы кабылдады

Бүгін Үкімет үйінде ҚР  Премьер-МинистріСерік Ахметовтің төрағалық етуімен ҚР Үкіметінің отырысы өтіп, онда ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев ҚР Үкіметінің  «Мемлекеттік эмиссиялық құнды қағаздарды сыртқы капитал нарығына шығару туралы» қаулысының жобасын таныстырды.

Аталған жоба 2013 республикалық бюджеттің жетімсіздігін МҚҚ ағымдағы тарихи төмен базалық пайыздық мөлшерлемелер жағдайында  сыртқы капитал нарығына шығару арқылы қаржылындыру мақсатында әзірленген, деп хабарлады Б.Жәмішев.

Оның айтуынша, 2013 жылғы республикалық бюджеттің жетімсіздігі 785 млрд. теңге немесе ІЖӨ 2,1% көлеміндебекітілген. Жетімсіздікті қаржыландыруды МҚҚ ішкі нарыққа 537 млрд. теңге, сыртқы нарыққа – 248 млрд. теңге көлемінде (оның ішінде 150 млрд. тенге – еурооблигацияларды шығару) шығару арқылы жүзеге асыру жоспарлануда.   

«Жалпы 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша үкіметтік қарыз 3 626 млрд. теңгені құрайды, ішкі қарыздың үлесі – 80% немесе  2 896 млрд. теңге, сыртқы қарыздың үлесі – 20% немесе 729 млрд. теңге.  150 млрд. тенгегееурооблигациларды шығарған жағдайда, сыртқы үкіметтік қарыз 879 млрд. теңгені немесе үкіметтік заем қоржынының 24,2% құрайтын болады», - деп түсіндірді  Б.Жәмішев.

Министрдің сөзіне қарағанда, ҚР Үкіметі  1996-2000 жылдар ішінде еурооблигацияларды төрт рет шығарған. 2007 жылдың мамырында ҚР Үкіметі Қаржы министрлігі атынан соңғы шығарылған еурооблигацияларды жапты.

Қазіргі, жаһандық экономикалық дағдарыстың екінші кезеңі күтіліп отырғанкезде,  Федералдық резерв жүйесінің рекордтық төмен мөлшерлемесі тұсындағы Еуропаның қарыздық дағдарысын шешудегі белгісіздік жағдайында инвесторлардың экономикасы тұрақты елдердің облигацияларына салым жасау тенденциялары байқалуда, бұл осындай елдердің арзан қаржылануын білдіреді, деді Б.Жәмішев.

«Қазақстан Республикасының суверенді еурооблигацияларын шығару ұлттық компаниялардың 2013 жылы сыртқы нарыққа шығуы қарсаңында  еурооблигациялар бойынша өз міндеттемелерін қайта қаржыландыру үшін маңызды болуда. Төмен базалық мөлшерлемелер мен елдігі тұрақты макроэкономикалық жағдайды ескере отырып, суверенді еурооблигацияларды бюджет жетімсіздігін қаржыландыру және қазақстандық эмитенттерге арнап бенчмарк жасау үшін  2013 жылдың бірінші жартысында сыртқы нарыққа шығару мүмкін деп ойлаймыз», - деп қорытындылады Қаржы министрі.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Мемлекеттік эмиссиялық құнды қағаздарды сыртқы капитал нарығына шығару туралы» қаулысы қабылданды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу