Болатбек Қуандықов ҚР тұтынушылар құқығын қорғау Агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

Бүгін ҚР Үкіметі қаулысымен Болатбек Қуандықов ҚР тұтынушылар құқығын қорғау Агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Түстен кейін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Агенттік ұжымына ведомствоның басшысын таныстырып, агенттік алдында тұрған басым міндеттерді белгіледі.

«Жаңа Агенттік алдында тұтынушылар құқығын қорғау, тұтастай алғанда, отандық тауар өндірушілерді қорғау міндеті тұр. Басымдықтар қатарында тамақ өнімдері қауіпсіздігін қамтамасыз ету, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды бақылау, өнімдер мен қызметтердің техникалық регламенттерін сақтауды қадағалау шаралары бар.Қысқа мерзімде тұтынушылар құқығын қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жетілдіру бойынша ұсыныс дайындау қажет»,-деп тапсырды С.Ахметов.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу