ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің төрағасы болып Ә.Жұмаділдаев тағайындалды

ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің төрағасы болып Әнуар Жұмаділдаев тағайындалды, деп хабарлады ведомствода. 

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Әнуар Жұмаділдаев Қаржылық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды», - делінген хабарламада.

Әнуар Жұмаділдаев бұрын ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары болды, ҚР ҚМ Салық комитетінің бірқатар бөлімдерін басқарды. 

2009 жылдың сәуірінен бері - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары, 2012 жылдың ақпанынан бері - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасы. 2014 жылдың қыркүйегінен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Сондай-ақ, ҚР ҚМ мәліметінше, ҚР Қаржы министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Мараджапов Бахтиер Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Бұдан өзге, ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Қыпшақов Арғын Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.


Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу