«Протона-М» құлауының алдын ала себептері 17 шілдеде жарияланады

Ресей ведомствоаралық комиссиясы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Протон-М» зымыран-тасығышының құлауы себептерін зерттеудің алдын ала нәтижелерін үстіміздегі жылдың 17 шілдесінде жариялайды, деп хабарлады ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетов «Байқоңыр» ғарыш айлағы аумағында «Протон-М» зымыран-тасығышы құлауы салдары мәселелері бойынша жұмыс комиссиясы отырысы барысында.

               

«Роскосмостың мәліметінше, апаттық жағдай себептерін анықтау үшін ведомствоаралық комиссия құрылған, жұмыстың алдын ала нәтижелері 17 шілдеде дайын болады», - деді Е.Шаймағамбетов. 

Өз кезегінде, қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Бектас Мұхамеджанов «Протон-М» зымыран-тасығышы құлауы салдарын жою бойынша барлық жұмыстар үстіміздегі айдың соңына дейін аяқталатынын хабарлады. 

«Техникалық регламент бойынша жұмысты аяқтау үшін белгілі бір уақыт қажет, және «Ғарыш Экология» мамандары 10 күн ішінде қосымша зерттеулерді орнында өткізеді. Меніңше, шілденің соңына дейін бұл жұмыстарды аяқтаймыз деп ойлаймын», -деді Мұхамеджанов.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу