13 Маусым 2017, 13:30
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Грузия Президенті Георгий Маргвелашвилимен кездесу өткізді.
Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, көліктік-транзиттік, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ туристік және ғарыш салаларында ынтымақтастықты дамыту әлеуеті мәселелері талқыланды.
Екі тарап ЭКСПО-2017 көрмесіне ерекше көңіл бөлді. Бүгін көрме аясында Грузияның ұлттық күні аталып өтті.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу