Қазақстан Премьер-Министрі К.Мәсімов ХЭБ-мен екі жақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті

Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Жануарлардың денсаулығын сақтау дүниежүзілік
ұйымының (Халықаралық эпизоотикалық бюро) Бас директоры Бернард Валламен кездесу өткізді.


ХЭБ Бас директоры Үкімет басшысына Ұйымның ағымдағы жұмысы мен Қазақстанмен ынтымақтастықтың перспективалары жайлы ақпарат берді.

Өз кезегінде, Кәрім Мәсімов Қазақстанның ДСҰ-на кіруіне байланысты біздің елімізде ХЭБ-ның қамқорлығымен жасалған жануарлардың денсаулығын қамтамасыыз ету мәселелеріндегі халықаралық стандарттарды, ұйғарымдар мен ұсыныстарды қолдану өзекті екенін айтып өтіп, екі жақты өзара іс-қимыл деңгейіне жоғары баға берді.
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу