Премьер-Министр К.Мәсімов Павлодар облысының жаңа әкімін таныстырды
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Павлодар облысының активіне өңірдің жаңа басшысын таныстырды.
Павлодарда облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы барысында Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысының облыс әкімі лауазымына Бақауов Болат Жұмабекұлының кандидатурасын ұсыну туралы хатын оқыды.
Мәслихат депутаттары аталған кандидатураны бірауыздан қолдады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз