Премьер-Министр Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға әр басшының жеке жауапкершілігін атап өтті

Бүгін Үкімет отырысында  Премьер-Министр Серік Ахметов  ҚР Президентінің тапсырмаларын орындауға әр Үкімет мүшесінің жеке жауапкершілігі туралы еске түсірді. 

«Премьер-Министр ретінде оған ең алдымен мен жауаптымын. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау әр қайсысымыздан тиімділікті және нәтижені талап етеді. Ең алдымен, жұмыстың төмен қарқынын және министрлер, әкімдер, жалпы Үкімет тарапынан Президент тапсырмаларын орындауға жіті көңіл бөлінбейтінін атап өткім келеді», - деді С.Ахметов.

«Атқарушы билік – бұл, ең алдымен, Президент саясатын жүзеге асыру құралы. Бұл туралы барлығы, жекелеп алғанда Үкімет мүшесі, әкім есте сақтауы тиіс», - деп атап өтті Премьер-Министр. 

Үкімет Басшысы 11 қазан күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкімет тарапына салмақты және негізді сын айтылғанын атап өтті. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу