ҚР Премьер-Министрі демалыс күнін 2012 жылғы 29 желтоқсан сенбіден 31 желтоқсан дүйсенбіге ауыстыру туралы Үкімет Қаулысына қол қойды
Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2012 жылғы желтоқсандағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов демалыс күнін 2012 жылғы 29 желтоқсан сенбіден 31 желтоқсан дүйсенбіге ауыстыру туралы Үкімет Қаулысына қол қойды.
Қаулыға сәйкес, қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай – ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсанда жұмыс жүргізуге құқық беріледі.
Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз