Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Премьер-Министр Өңірлік даму министрлігіне жерлерді тиімді пайдалану бойынша Кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды

Сейсенбі, 19 Қараша 2013, 08:48:12
Бүгін Үкіметте селекторлық режимде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жұмыстың және 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру барысы қортындылары қаралды.

Алғашқы мәселе бойынша сөз сөйлеген өңірлік даму министрі Болат Жәмішев «түгендеуге жатқызылған ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлердің 90 млн. га жерден 2012 жылы тағы да 30,6 млн. га түгенделген, 2013 жылы да осындай көлем орындалғанын» хабарлады. Министр айтып өткендей «ағымдағы жылы 2012 жылы анықталған пайдаланылмайтын жерлерді қайтару бойынша іс-шаралармен қатар ауыл шаруашылығы белгілеуіндегі тағы да 30,6 млн. га жерді түгендеу басталды».

Түгендеу 53 әкімшілік ауданда, 6 қалада және 80 астам ауылдық округте жұмыстардың барлық кешенін толық аяқтаумен жүргізілуде. Соңғы нәтижелер, министрдің айтуынша, «ағымдағы жылдың соңында белгіленген заңнамалық тәртіпте сәйкес шаралар келесі жылы қолданылады».

Түгендеудің алдын ала қортындылары бойынша Б.Жәмішев хабарлағандай, «4 440 субъектіде 2 592,8 мың га ауданда жер телімдері пайдаланылмайды, олардың 313 мың га егістік жер құрайды, олардың 13,3 мың га суарылатын жер. Түгендеу барысында 2012 жылы 7004 шаруашылық жүргізуші субъектіде 3100,9 мың га пайдаланылмайтын жер анықталған, олардың 400 мың га егістік жер».

Министр әсер етудің қолданылған шаралары туралы мәлімдей келе, ауыл шаруашылығы айналымына жерлерді сапалы және тиімді тарту мақсатында іс-шаралардың Кешенді жоспары әзірленіп жатқанын, жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша заңнамаға сәйкес түзетулер ұсынылғанын хабарлады. Заңнамалық деңгейде «пайдаланылмайтын жерлер» ұғымы анықталуда. Ауыл шаруашылығы белгілеуіндегі жерлерді тиімді пайдалану мақсатында және Жерлерді рационалды пайдалану ережелерін есепке алғанда жер телімдерін жалдаудың алдында жасалған келісім-шарттарына түзетулер енгізілген.

Министр айтып өткендей, "Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 93 млн га аумақта түгендеу жүргізу тапсырылған болатын, ауыл шаруашылығы айналымына жаңа аумақтарды тартуды есепке алғанда түгендеу көлемі 93 млн га дейін жеткізіледі және аталған жұмыс 2014 жылы аяқталады".

Сондай-ақ, министр айтып өткендей «түгендеу нәтижелері бойынша 2012 жылы жеке тұрғын үй құрылысына ұсынылған жер телімдерінен 44031 пайдаланылмайтын жер телімдері анықталған. Мемлекеттік меншікке 1750,5 га аудандағы 17232 жер телімі қайтарылған. Иесіз мүлік ретінде 815,6 га ауданда 8377 жер телімі есепке қойылды».

«Жер телімдерін игермеудің негізгі себебі сәйкес инженерлік инфрақұрылымдық дайындықсыздығы» деген Б.Жәмішев әсер етудің қабылданған шаралары туралы мәлімдеді. Нақты айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмаларын лайықсыз орындалуы облыстардың аумақтық жер инспекцияларының лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылған, әкімшілік жауапкершілікке жалпы 81,6 млн. теңге сомаға 1235 жеке тұлға тартылған.

Аталған тақырып бойынша Ақмола облысының әкімі Қ.Айтмұхаметов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметов тыңдалды.

Талқылаудың қортындыларын түйіндеген Үкімет басшысы жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жерлерді жандандыру қажеттігін атап өтті, себебі «айналымға тартылған жерлер – бұл экономиканың қосымша резервтері». С.Ахметов «жер қатынастары мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу аясында жерлерді беру, оларды алу және мақсатты пайдалануда бақылау механизмдерін жетілдіру» қажеттігін атап өтті.

С.Ахметов ӨДМ, Ақмола облысының және Астана қаласының әкімдеріне Үкіметке Астананың қала сыртындағы аймағында ЖТС құрылысы аясында игерудің кешенді жоспары бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

«Астана қаласы маңында 30 километрлік аймақта барлық ауылдық елді мекендер елордамыздың сыртқы келбетіне сай болуы тиіс. Мұнда проблемалармен қатар үлкен мүмкіндіктер мен әлеует бар», - деді Үкімет басшысы және «Үкімет инфрақұрылымды дамытуға және Астана айналасындағы ауылдардың сыртқы келбетін өзгертуге қолдау көрсетуге дайындығын» атап өтті.

Премьер-Министр Өңірлік даму министрлігіне ауыл аруашылығына пайдаланатын жерлерді түгендеу бойынша жұмысты келесі жылдың соңына дейін аяқтауды, жерлерді рационалды және тиімді пайдалану, сондай-ақ ауыл шаруашылығы белгілеуіндегі пайдаланылмайтын жерлерді айналымға тарту бойынша Кешенді жоспардың жобасын әзірлеуді тапсырды.

Облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдері ЖТС бөлінген иесіз жер телімдерін қайтару; ЖТС жерлерді өз бетімен алуға жол бермеу бойынша жұмыстарды жалғастыруды; тоқсан сайын Өңірлік даму министрлігіне жасалған жұмыс туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдануы тиіс.

Отырыста, сондай-ақ, 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Оны жүзеге асыру барысы туралы өңірлік даму министрі Б.Жәмішев, қоршаған орта және су ресурстары министрі Н.Қаппаров, индустрия вице-министрі Н.Сауранбаев баяндады, сонымен қатар Қостанай облысы Н.Сәдуақасов, Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетов тыңдалды.

«Бағдарлама маңызды әлеуметтік мағынаға ие. Мемлекет оны жүзеге асыруға айтарлықтай қаражат бағыттауда», - деді отырыс соңында Премьер-Министр және «Мемлекет басшысының тапсырмасымен су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу аяқталуда, онда 2020 жылға дейін халықты ауыз сумен қамтамасыз ету шешімі қарастырылған. Тапсырмалар, критерийлер, көрсеткіштер айтарлықтай маңызды. Сондықтан, бұл бағдарламаның мәртебесін Мемлекет басшысы мемлекеттік деп анықтады, себебі ол саларалық сипатқа ие» екендігін еске түсірді.

«Осыған байланысты әлеуметтік маңыздылығын есепке алғанда «Ақ бұлақ» бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама құрамына жеке үлкен бөлім ретінде енгізілген, ал оны жүзеге асыру қазіргідей толық қаржыландырумен іс-шаралардың жеке жоспары бойынша жүргізіледі», - деп толықтырды С.Ахметов. Премьер-Министр «адамдарды сумен қамтамасыз ету, су бұруға байланысты мәселелер бүгінгі таңда аталған бағдарламаны басқаратын және жетекшілік ететін министрліктерге басымдық болуы тиістігін» басып айтты.

«Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруға жалпы үйлестіру ӨДМ тапсырылатынын айтқан соң Үкімет басшысы ерекше назарды талап ететін проблемалық мәселеге назар аударды. «Ең алдымен, бұл – қаржыландыру және құрылыстағы айып-кінә, ЖСҚ әзірлеудің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдаланудың төмен деңгейі, кәсіби кадрлар тапшылығы», - деді С.Ахметов.

Бюджет қаражаттарын ұрлау және мемлекет сатып алу процедураларын бұзу деректерін атап өткен С.Ахметов «жергілікті атқарушы және құзіретті органдар тарапынан құрылысты және бюджеттік қаражатты жұмасауды лайықты мемлекеттік бақылаудың болмауы», ол үшін «Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысы аясында сындарлы сын айтты» деді. Талқылауды есепке ала отырып мынадай тапсырмалар берілді:

Өңірлік даму министрлігі, Қоршаған орта министрлігі және Индустрия министрлігіне бағдарламаны жүзеге асыру барысын, оның ішінде жоспарланған нысандарды пайдалануға беру, мақсатты индикаторларға қол жеткізу, бағдарламаның іс-шараларын орындау және қаражатты игеру мәселелерін мониторингілеу және бақылау.

Өңірлер әкімдері сумен жабдықтау және су бұру нысандарын жобалау, салу және жөндеуге бюджет қаражаттарын жоспарлаудың сапасын арттыру, сумен жабдықтаудың жоспарланған және енгізілген нысандарын тиімді пайдалануға беруді қамтамасыз ету бойынша жан-жақты шаралар қолдану қажет. Бұдан өзге, нысандарын пайдалануға беру мерзімдерінің орындалмауы және қаражаттың игерілмеуіне жол бергені үшін бағдарламаны жүзеге асыруға жауапты лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігі мәселесін қарау қажет.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
29 Қараша 2021, 14:47
30 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Қараша 2021, 11:24
А. Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты  
29 Қараша 2021, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №834 Қаулысы
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
16 Қараша 2021, 16:26
Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды — Түркістан облысының әкімі
16 Қараша 2021, 13:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.11.2021
16 Қараша 2021, 12:18
Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшеді — А. Аймағамбетов
16 Қараша 2021, 10:37
Қазақстанда ауылдардың сумен қамтылуын бақылауға мүмкіндік беретін интерактивті карта іске қосылды — Б. Атамқұлов
16 Қараша 2021, 10:22
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 23%-ға төмендеді
16 Қараша 2021, 09:48
Үкімет жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелерін қарады
16 Қараша 2021, 09:43
А. Мамин: 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету ауылдарда 91,8%-ға және қалаларда 98%-ға жетеді
16 Қараша 2021, 09:33
Pfizer вакцинасы ҚР нарығының коммерциялық сегментіне жеткізіледі
15 Қараша 2021, 19:07
А. Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасарлары А. Новакпен және А. Оверчукпен кездесті
15 Қараша 2021, 17:49
Ә. Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысын өткізді
15 Қараша 2021, 14:31
16 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
15 Қараша 2021, 10:24
Самат Ерғалиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
14 Қараша 2021, 10:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №137
13 Қараша 2021, 15:24
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсатындағы инвестициялық саясат мәселесін талқылады
13 Қараша 2021, 11:10
Қазақстанда екінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің нөлдік өсімі тіркелді
12 Қараша 2021, 16:14
Қазақстан 2022 жылы ТМД-ға төрағалық етеді 
12 Қараша 2021, 09:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №795 Қаулысы
12 Қараша 2021, 09:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қарашадағы №792 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.