Премьер-Министр гидротехникалық құрылыстар салуды көліктік инфрақұрылым бағдарламасына қосуды тапсырды

Бүгін ҚР Үкіметі отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов гидротехникалық құрылыстар салуды көліктік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына қосу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

«Көліктік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына біз гидротехникалық құрылыстармен байланысты мәселелерді қосқан жоқпыз, олар шет қалды. Соны қарастыру керек», -деді С.Ахметов.

                  

Сонымен қатар, ол Елбасының басты өзендерге контрреттегіштерді енгізу және гидротехникалық құрылыстарды жөндеу туралы мәселелерді бірнеше рет қозғағандығын атап өтті.

«Осы салалық бағдарламаны қарастыру керек, ол Су ресурстары комитетінде болуы тиіс. Сәйкес мемлекеттік органдардың жетекшілерін жинап, әкімдермен кеңесу керек. Гидротехникалық құрылыстарға аз көңіл бөлінді. Салалық бағдарламаны қарастырып, мазмұнын түсіну қажет», - деп қортындылады С.Ахметов.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу