Премьер-Министр С.Ахметов Ауыл шаруашылығы министрлігі алқасының отырысына қатысты

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі  Серік Ахметовтің  қатысуымен   Ауыл шаруашылығы министрлігі алқасының  кеңейтілген отырысы  өтті.

Отырыста   ашқан  ведомство  басшысы Асылжан  Мамытбеков    еліміздің агроөнеркәсіптік саласының  2012 жылғы   жұмыс қорытындылары туралы баяндады және    алдағы  кезеңнің міндеттерімен  таныстырды.

Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің 2012 жылғы даму көрсеткіштеріне баға берген ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, өткен жылдың күрделі өткенін айтты.    Құрғақшылықтың салдарымен  күресу мақсатында  министрлік  барлық қажетті шараларды қабылдады,   оның ішінде   «ҚазАгро»  холдингінің  еншілес компанияларының арқасында, жалпы сомасы 25,8 млрд. теңгені құрайтын 676 несиенің мерзімі ұзартылды. Осынау көмек дихандарға алдағы маусымға дайындалуға мүмкіндік берді.

«Мал шаруашылығы саласында, құрғақшылықтың салдарын жою және мал басының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылы қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлерге қыс кезінде аналық мал басын ұстауға кететін шығынды өтеуге 1,5 млрд. теңге бөлінді», - деді Ауыл шаруашылығы министрі ведомство алқасының кеңейтілген отырысында.

«Сыбаға» бағдарламасының аясында 1400 фермер және шаруа қожалықтарына сиырлар сатып алуға көмек көрсетілді.

«Етті өгіз малына деген сұраныс артып келеді. Ет жобасына көрсетілып отырған қолдаудың арқасында 2012 жылдың соңында етті малдың үлесі 3,9 % жетті, 2012 жылдың басында бұл көрсеткіш 2,8 % құраған болатын», деп хабарлады министр.

Мал  шаруашылығы  да    жақсы нәтижелер көрсетіп  отыр.   Атап айтқанда, 2012 жылы мал басының саны орта есеппен  12,5  пайызға  өссе,  мал шаруашылығы  өнімдерінің өндірісі 13 пайызға ұлғайды. 

"Бағдарламаның маңызды компонеті болып табылатын фермерлік шаруашылықтар бойынша, егер 2010 жылдың 1 қаңтарында ірі-қара мал саны 780,7 мың басты құраса, 2012 жылдың қорытындысы бойынша мал басының саны 50 пайызға артып, 1,2 млн. басты құраған", - деп атап көрсетті министр.

Мұнымен қоса "Сыбаға" бағдарламасы аясында ірі-қара мал аналық басын сатып алуына 1400 фермерлік және шаруа қожалықтарына көмек көрсетілді. Етті бағыттағы өндіруші бұқаға сұраныс өсуде. Ет жобасының қолдауының арқасында 2012 жылдың соңында асыл тұқымды етті мал басының үлесі 3,9 пайызға жетті, ал бұл көрсеткіш 2012 жылдың басында 2,8 пайызды құрады.

Елімізде сондай-ақ  ылғал үнемдеуші    технологияларды енгізу  бойынша  да оң динамика   қалыптасуда.  Өткен  жылдың  қорытындысы  бойынша  осындай  технологиялар  12,4 млн. га  алқапта қолданылды. 2012   жылы 1 мыңдай трактор, 2 мыңнан астам  комбайн,  7 мыңға жуық  тұқым себу  кешендері сатып алынды.

«Саланы қаржыландырудың жаңа нарықтық тетіктерін енгізу жөніндегі Елбасының тапсырмаларын орындау аясында, 2013 жылдан бастап техника лизингі бойынша ставкаларды арзандату жөніндегі жаңа бағдарлама жұмыс істей бастайды», - деп хабарлады министр Асылжан Мамытбеков ведомство алқасының отырысында.

2013 жылдың бюджетінде бұл мақсатқа 3 млрд. теңге қарастырылған. Бұл қаржы дихандарға жылына 7% аспайтын ставкамен 52 млрд. теңгедей сомаға лизингтік келісімшарттар жасауға мүмкіндік береді.

Министрдің айтуынша,  2012  жылы егін шаруашылығын қолдауға  мемлекеттік бюджеттен 120 млрд.  астам   қаржы   бөлінді,   оның  ішінде  53 млрд.  теңге  -  субсидиялар.

Бүгінгі    алқа мәжілісінде  сондай-ақ «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы Д.Айтжанов,  ОҚО әкімінің бірінші  орынбасарв Б.Оспанов, «Родина»  агрофирмасы»   ЖШС-нің директоры И.Сауэр,  Сенаттың табиғатты пайдалану және   ауыл аумақтарын дамыту комитетінің төрағасы  Б.Жылқышиев  пен   Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің   төрағасы Р.Мадинов   сөз сөйледі.

Алқа отырысын қорытындылаған  Үкімет басшысы  Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдына бірқатар міндет қойды.

«Мемлкет басшысы  агроөнеркәсіптік кешенді  дамытудға айрықша  назар  аударып отыр. Біздің ауыл шаруашылығымыздың әлеуеті  жоғары,  мүмкіндіктері де    баршылық.   Оған   қоса,    халқымыздың 45 пайызы – ауылдық   жерлерде  тұрып жатыр,  олар    біздің    елімізді  азық-түлікпен    қамтамасыз  етіп отырған  еңбекшілер.   Мемлекеттің қолдауынсыз    саланың проблемаларын  шешу мүмкін емес»,  деді С.Ахметов.

Үкімет басшысының  айтуынша,  ағымдағы  айда  Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданады. Ол бойынша ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 3 трлн. теңге қаржы бағытталады.

"Аталмыш бағдарлама ақпан айында үкіметпен қабылданады деп үміттенеміз. Бұл бағдарлама аясында 2020 жылға дейін 3 триллион теңге бөлу қарастырылған. Сонымен қатар бизнес тарапынан да үлкен инвестиция тартылады", - деді Үкімет Басшысы.

"Тек өңдеу саласын сауықтыруға 30 млрд. теңге бағыттау жоспарлануда. Бағдарламаның басты мақсаты - жоғары технологиялы жаңа өндірістерді құру, ауыл адамдарын жұмыспен қамту. Қазіргі уақытта 1,8 млн. адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған", - деп түйді сөзін С.Ахметов.

Премьер-Министр  Ауыл шаруашылығы министрлігіне және  облыс әкімдеріне   ылғал  және    ресурс үнемдеуші технологиялардың қолданысын кеңейту,    отандық және  шетелдік  гербицидтер мен тыңайтқыштар  сатып  алуға мемлекеттік қолдау көрсетудің тетіктерін нақтылау,    ауыл шаруашылығы техникалық сатып  алу лизингі бойынша пайыздық ставкаларды  төмендету   туралы тапсырмалар берді.


С.Ахметов  сондай-ақ,  соңғы 20 жыл ішінде елдегі жем-шөп егістіктерінің көлемі 5 есеге дейін қысқарғанын атап  көрсетті.  «Егер мал азығы жетіспей жатса, асылтұқымды мал басын көбейту жөнінде сөз көтеру қисынсыз. Бұл өте күрделі мәселеде жүйелілік жоқ, - деп атап көрсетті С.Ахметов.

"Бір айдың көлемінде Ауыл шаруашылығы министрлігіне мал азығы өндірісіндегі жағдайды тұрақтандыру бойынша шараларды ұсынуды тапсырамын. Аталмыш сұрақ бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажет", - деп қадап айтты Үкімет Басшысы.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу