Премьер-Министр бірқатар кездесу өткізді

Қазақстанның Премьер-Министрі Серік Ахметов  Үкімет үйінде   Ислам Даму банкінің президентімен және  «ExxonMobil» корпорациясының аға  вице-президентімен кездесті.

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов  Ислам Даму банкінің президенті Ахмад Мохаммад Әли Әл- Маданиді қабылдады. Әңгіме барысында тараптар   екіжақты  ынтымақтастықты дамытудың және  энергетика, көлік, агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы бірлескен жобаларды іске асырудың перспективаларын талқылады.

С.Ахметов бүгін  сондай-ақ  «ExxonMobil»  корпорациясының аға вице-президенті Марк Альберспен кездесіп, мұнай-газ саласындағы, атап  айтқанда Қашаған кенішін игерудегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу