Премьер-Министр бірқатар қазақстандық банктердің басшылығымен кездесу өткізді
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ІІІ Съезі аясында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов екінші деңгейдегі банктер басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қаржы ұйымдарының өкілдері ел экономикасындағы жағдайға қатысты өз пікірлерімен бөлісті және бірлесіп шешуді талап ететін проблемалы мәселелерді белгіледі.
Сондай-ақ тараптар қаржы тұрақтылығын қолдау, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары аясында мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін талқылап, экономика және банк секторының ағымдағы жағдайы туралы пікір алмасты.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз