09 Маусым 2019, 02:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берді.
Дауыс беру Нұр-Сұлтан қаласында «Астана» концерт залының ғимаратындағы №138 сайлау бөлімшесінде өтті.
Айта кету керек, сайлау бөлімшесінде 2 999 сайлаушы тіркелген және ҚР Премьер-Министрі алғашқылардың бірі болып өзінің азаматтық парызын орындауға келді.
Сайлау бөлімшелері сағат 07:00-де ашылды, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 20:00-ге дейін жалғасады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу