Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды

Жұма, 15 Қараша 2019, 20:11:54

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының, сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Павлодар облысының өнеркәсіптік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасының іске асырылуын бақылау аясында өңірге жұмыс сапарымен барды. 

Павлодар қаласында Үкімет басшысы еліміздегі бірден бір метил-трет-бутил эфир және полипропилен өндірісі – «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-на, сондай-ақ, «Қазақтелеком» АҚ-ның деректерді өңдеуге және сақтауға арналған серверлермен жабдықталған озық Деректерді өңдеу орталығына (ДӨО) барды. Мұнда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК», «ҚазМұнайГаз» ҰК», «Қазпошта», «Сәтті Жұлдыз» және «Google», «Wargaming», «Genesis Mining» халықаралық корпорациялары электронды деректерін орналастырып, жүйелеп, резервке қояды. 

Премьер-Министр Павлодар қаласындағы денсаулық сақтау және спорт нысандарының салыну барысымен танысты, оның ішінде биыл 1 желтоқсанда пайдалануға беру көзделген 200 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансер мен тәулігіне 100 келуге арналған емхана, сондай-ақ, мұз аренасын, футбол және жабық жеңіл атлетика манеждерін, олимпиадалық резервке дайындау орталығын қамтитын «Спорт-Сити» спорт қалашығы бар. 

«Инвесторлар үйінде» А. Маминге Павлодар облысына инвестициялар тарту жұмыстары таныстырылды. Мұнда кез келген бизнесмен «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтер мен консультациялар ала алады — «Kazakh Invest», «Павлодар» АЭА» басқарушы компаниясының, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» кеңселері бір алаңда жұмыс істейді. 

Үкімет басшысына Екібастұз қаласының индустриялық аймағында қуаттылығы жылына 35 мың тоннаны құрайтын техникалық кремний өндіру зауытының салыну барысы туралы баяндалды, сондай-ақ, суару үшін аса ауқымды жабдықтар шығаратын зауыт құрылысының жобасы таныстырылды. 

Ақсу қаласында Премьер-Министр Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында өңірдегі биылғы аса ірі жоба — «Еуразиялық энергетика корпорациясы» АҚ Ақсу электр станциясының реконструкцияланған №5 энергоблогымен танысты, оны биыл желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланған. 

А. Мамин Павлодар облысындағы аса ірі және жүйе құраушы кәсіпорындардың бірі — «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауытын аралап, онда балқыту пештерінің реновациясы барысымен танысты, бұл 2024 жылға қарай феррохром өндірісінің көлемін 2018 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 87%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Бұл орайда электр энергиясын тұтыну 20%-ға төмендейді. 

Үкімет басшысы Ақсу қаласындағы тіршілікті қамтамасыз ету және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын — салынып жатқан қалалық жылу қазандығы мен балалар эко-техно орталығын тексерді. 

Жыл басынан бері Павлодар облысында өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 1,6 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылғы кезеңнен 19 млрд теңгеге немесе 1,8%-ға артық. Республикалық өңдеу көлемінің 12%-ға жуығын қамтамасыз етіп отырған өңдеу секторының кәсіпорындары да тұрақты өсім көрсетті. Мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі 3,1%-ға, металлургия өндірісі 2,1%-ға, химия өндірісі 8,9%-ға, машина жасау өндірісі 5,3%-ға өсуде.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
16 Қараша 2021, 16:26
Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды — Түркістан облысының әкімі
16 Қараша 2021, 13:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.11.2021
16 Қараша 2021, 12:18
Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшеді — А. Аймағамбетов
16 Қараша 2021, 10:37
Қазақстанда ауылдардың сумен қамтылуын бақылауға мүмкіндік беретін интерактивті карта іске қосылды — Б. Атамқұлов
16 Қараша 2021, 10:22
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 23%-ға төмендеді
16 Қараша 2021, 09:48
Үкімет жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелерін қарады
16 Қараша 2021, 09:43
А. Мамин: 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету ауылдарда 91,8%-ға және қалаларда 98%-ға жетеді
16 Қараша 2021, 09:33
Pfizer вакцинасы ҚР нарығының коммерциялық сегментіне жеткізіледі
15 Қараша 2021, 19:07
А. Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасарлары А. Новакпен және А. Оверчукпен кездесті
15 Қараша 2021, 17:49
Ә. Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысын өткізді
15 Қараша 2021, 14:31
16 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
15 Қараша 2021, 10:24
Самат Ерғалиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
14 Қараша 2021, 10:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №137
13 Қараша 2021, 15:24
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсатындағы инвестициялық саясат мәселесін талқылады
13 Қараша 2021, 11:10
Қазақстанда екінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің нөлдік өсімі тіркелді
12 Қараша 2021, 16:14
Қазақстан 2022 жылы ТМД-ға төрағалық етеді 
12 Қараша 2021, 09:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №795 Қаулысы
12 Қараша 2021, 09:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қарашадағы №792 Қаулысы
11 Қараша 2021, 08:24
А. Маминнің Жамбыл облысына жұмыс сапары: инфрақұрылым, фармацевтика, өңдеу өнеркәсібі және АӨК
10 Қараша 2021, 12:16
ҚР Үкіметінің отырысы, 10.11.2021
10 Қараша 2021, 12:00
2021 жылдың 10 айында Қазақстан экономикасының нақты секторындағы өсім 2,9%-ды құрады — ҚР ҰЭМ
10 Қараша 2021, 11:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы №786 Қаулысы
10 Қараша 2021, 11:20
Қазақстанда соңғы екі айда коронавируспен сырқаттанушылық 3,4 есе азайды — ҚР ДСМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.