ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев халықаралық сарапшылармен инновациялық даму перспективаларын талқылады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Economist Innovation Summit» шарасына қатысты, оның барысында Қазақстанның инновациялық даму перспективалары талқыланды. Саммит Х Астана экономикалық форумы аясында өтті.

Кіріспе сөзінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясында экономикалық өсім моделі Қазақстан экономикасындағы негізгі салалардытехнологиялық қайта жарақтандыру және жаңа салалардың пайда болуы тоғысына негізделетінін айтты, ал жаппай цифрландыру олардың бәсекелік басымдықтарын арттыра түспек.   
 
Сонымен қатар, адам капиталының сапасын арттыру да маңызды басымдық болып табылады. Қазақстанда озық оқыту әдістемелері, дуальді білім беру, үш тілділік енгізілуде, техникалық мамандықтарды дамытуға қолдау көрсетілуде, халықтың цифрлық сауаттылығына қол жеткізу үшін қойылған міндеттер өз шешімін табуда. 

2004 жылы іске қосылған Қазақстанның электронды үкіметін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұдан өзге, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының» жаңартылған мазмұны таныстырылды. 
ҚР Премьер-министрі Б. Сағынтаев Қазақстанның үшінші жаңғыруының түпкі мақсаты азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттырып, бизнестің шығындарын азайту болып табылатынын атап өтті, бұл өз кезегінде әлемнің аса дамыған 30 елінің қатарына кіруге қатысты ұзақ мерзімді мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

«Economist Innovation Summit» жұмысына салалардың сарапшылары, қаржыгерлер мен экономистер қатысты, оның ішінде Cisco Systems компаниясының цифрлық жеделдету бойынша директоры Кристофер Ребергер, «SAP» компаниясының мемлекеттік қызмет бойынша жаһандық жетекшісі Изабелла Грегор-Цейхови, Еуразиялық даму банкінің төрағасының орынбасары Максим Коржов болды. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу