21 Маусым 2017, 10:57
Бүгін Үкімет үйінде Шетел инвесторлары кеңесінің 30-шы пленарлық отырысы қарсаңында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Deloitte Еуропадағы, Таяу Шығыс пен Африкадағы тұрақты даму бойынша практиканың басшысы, серіктесі Оливье Жанмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудит, салық салу, консалтинг және корпоративтік қаржы салаларында қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Бұдан өзге, Қазақстанда аудиторлық кәсіпті дамыту бағытында ынтымақтастық орнату келешегі қаралды.
Анықтама:
Deloitte Қазақстанда «Делойт» ЖШС және «Делойт ТСФ» компаниялары арқылы қызмет көрсетеді. Олар «Делойт Туш Томацу Лимитед» құрамына кіретін «Делойт СНГ Холдингс Лимитед» бөлімшелері.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу