23 Мамыр 2017, 06:09
Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жазғы каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын және бос уақытын ұйымдастыру бойынша жоспармен танысып, жоспарланған барлық шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.
Бұдан бұрын Үкімет отырысы аясында ҚР білім және ғылым министрі Е. Сағадиев лагерьлерде жазғы демалыспен 1 млн 655 мың баланы немесе 1-10 сынып оқушыларының жалпы санынан 61,2% қамту көзделіп отырғанын айтты. Каникул кезінде балалар үшін түрлі шаралар – секциялар, клубтар, үйірмелер, еңбек жасақтары мен экскурсиялар ұйымдастырылады.
Осыған байланысты Бақытжан Сағынтаев балалардың жазғы демалысы мен іспен шұғылдануын ұйымдастыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударуды тапсырды. Сөз оның ішінде жолдар мен су қоймаларындағы қауіпсіздік туралы, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, өрт қауіпсіздігі туралы болып отыр.
Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев ата-аналар мен үкіметтік емес ұйымдар тарапынан балалар лагерьлеріне қоғамдық бақылау жасауды күшейту туралы «Жұлдыз» ҚҰ бастамасын қарастырып, қолдауды тапсырды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу