06 Маусым 2017, 05:59
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін жетілдіру бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың тиімділігі басқарушы компаниялардың қызметіне тікелей тәуелді. Осыған орай Бақытжан Сағынтаев жауапты мемлекеттік органдарға осындай ұйымдарды таңдау кезінде мұқият қарап, олардың жұмыстарын тиімді бақылауды тапсырды.
ҚР инвестициялар және даму министрлігіне қаржы, ұлттық экономика және ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп, АЭА қатысушыларын салықтық әкімшіліктендіру тетігін оңтайландыру, қызметтің басымдықты түрлерін ұлғайту тәртібін жеңілдету мен АЭА жер телімдерін берудің жеке, жеңілдетілген тәртібін әзірлеу мәселелерін пысықтау тапсырылды.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев индустриялық аймақтарды дамытуға қатысты ҚР ИДМ-ге «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» әзірленіп жатқан заң жобасы аясында барлық ұсыныстарды қарастыруды тапсырды.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминге көтерілген мәселелердің шешімін бақылауға алу тапсырылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу