14 Наурыз 2017, 05:58
ҚР Үкіметінің отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев отандық фармацевтика саласының жетістіктері туралы айтып, оны одан әрі дамытуға байланысты тапсырмалар берді.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев фармацевтика саласын дамыту мәселесінде анықталған базаның бар екенін айтты. Қазақстан өзінің дәрі-дәрмектерін шығаруда және өз өнімдерін ЕАЭО нарығына шығару мүмкіндігіне ие, дегенмен жаңа әзірлемелерді ескере отырып сұрыпталымды ұлғайту жолында жұмыстар атқару қажет.
«Сол себепті, бұл жерде фармацевтика секторына инвестициялар тарту мәселесі маңызды, қандай кедергілер бар екенін мұқият қарастырып, шешімі табылатын болса, оларды жою керек. Сондай-ақ, кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысы дәрі-дәрмек сатып алу тұрғысынан орын алып тұрған мәселелер туралы айтты. Тиісті жұмыс қазіргі таңда жүргізіліп жатыр, оны мамыр айының соңына дейін аяқтау керек», - деді Б. Сағынтаев.
Осы орайда Инвестициялар және даму, Денсаулық сақтау министрліктеріне фармацевтика секторына инвестициялар тарту мәселесін пысықтау, сонымен қоса, дәрі-дәрмек сатып алу жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізу ережелерін жетілдіру туралы тапсырмалар берілді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу