15 Мамыр 2017, 14:40
Қостанай облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министріне «КазАгрос» СӨК» ЖШС машина жасау зауытының жұмысы таныстырылды. Кәсіпорын АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндіруге бейімдеу деңгейін арттыруға үлес қосады.
Дәнекерлеу, құрастыру, жону және пішіндеу цехтарын аралау барысында Бақытжан Сағынтаевты өндірісті жаңғырту нәтижелері туралы ақпараттандырды, олардың бастысы импортты алмастыру үлесін арттыру, шаруалар мен мал өсірушілерге қымбат емес отандық техниканы шығару болып табылады.
«КазАгрос» СӨК» ЖШС 2011 жылдан бастап ауыл шаруашылығы жабдықтарын өндіру, сату және жөндеумен айналысады. Мұнда АӨК нарығында сұранысқа ие астық тиеу-түсіру машиналары, полимер қолғаптар, жинақтауыш-шанаптар, дән тазалауыштар, кептіргіштер және тұқым сепкіштер шығарылады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу