ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Парламент Сенатының жалпы отырысына қатысты

Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Сенаттың жалпы отырысына қатысты, оның барысында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018-2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң қабылданды, сондай-ақ «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралды.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018-2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» ҚР Заң жобасын сенаторларға ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов таныстырды. 2020 жылдан бастап республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт көлемі бекітіледі және 2 триллион теңгені құрайды.

Заң жобасы бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге және республикалық бюджеттің, оның ішінде экономикалық белсенділік пен экономикадағы жұмыспен қамтуды арттыруға бағытталған шығындарын толық көлемде қаржыландыруға мүмкіндік береді. 

Бұдан өзге, «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралды. Құжатты Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, қаржы министрі Б. Сұлтанов және Ұлттық Банктің төрағасы Д. Ақышев таныстырды. Құжат жалпы мақұлданды. Сонымен қатар, талқылау барысында комитеттер мен жекелеген депутаттардан заң жобасын өзгерту және толықтыру бойынша ұсыныстар келіп түсті. Заң жобасы Парламент Мәжілісіне пысықтауға жіберілді.   

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу