ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Парламенті Сенатының отырысына қатысты

ҚР Парламенті Сенатының отырысы барысында «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заң жобасы қарастырылды.

Республикалық бюджет жобасы республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, елорда бюджеттерімен және Ұлттық қордың кепілдендірілген трансферті арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заң жобаларымен үйлестірілген.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, экономикалық өсім мен тиімді жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ету мақсатында 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы шығындарының негізгі басымдықтары ретінде аграрлық сектордың үдемелі дамуы, индустрияландыру мен шағын және орта бизнесті дамыту, көлік инфрақұрылымы мен әлеуметтік саланы дамыту анықталған. 

Отырыс қорытындысы бойынша жоғарғы палата депутаттары «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобасына түзетулер енгізіп, ҚР Парламенті Мәжілісіне жіберді.  

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу