ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ШҚО-ға жұмыс сапары аясында Семей қаласына барды

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Б. Сағынтаев Семей қаласының Халықаралық әуежайы мен ЖЭО-1 қайта құру жұмыстарын тексереді, «Назарбаев зияткерлік мектебінің» бөлімшесіне барады, сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында қала жұртшылығымен кездесу өткізеді.

Жұмыс сапары барысында Премьер-Министр ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының аймақтағы ірі өнеркәсіптік-индустриалдық және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, денсаулық сақтау және білім беру нысандарында жүзеге асырылу барысымен танысады.

Кеше Б. Сағынтаев Ақтоғай тау-кен байыту комбинатына, Өскемен арматура зауытына, Үлбі металлургия зауытына, майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығына, көз микрохирургиясы емханасына және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне барды. 

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі облыстың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының жетекшілерімен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу