Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесті

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығының (ҚЕБҚ) өкілдерімен кездесті. 

Кездесу барысында Қазақстандағы инвестиция және салық ахуалын жақсарту, сонымен қатар аграрлық азық-түлік индустриясын дамыту мәселелері талқыланды. 

Анықтама:

Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы (ҚЕБҚ) - еуропалық компаниялар және Еуропалық одақ делегациясының бастамасымен 1999 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым. ҚЕБҚ өз құрамына 150-ден астам компанияны біріктірді, олардың ішінде: әлемге әйгілі халықаралық, еуропалық және қазақстандық компаниялар, Еуропадағы және әлемнің басқа елдеріндегі дипломатиялық миссиялар бар.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу